М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Темекі , электронды темекі, қорқор, насыбай , алкогольді ішімдіктің ағзаға тигізетін кері әсері" тақырыбында сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. Шараға Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Г.Алмурзаева, Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмаділдаев, колледж медбикелері Г.Айжанова, А.Алпыс және білім алушылар қатысты.
Мақсаты: жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Білім алушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Шара барысында студенттерге "Темекі , электронды темекі, қорқор, насыбай , алкогольді ішімдіктің ағзаға тигізетін кері әсері" тақырыбында слайд көрсетіліп, баяндама оқылып, маман пікірі тыңдалды. Облыстық жастар орталығының валеологы Г.Алмурзаева, колледж медбикесі Г.Айжанова тақырып төңірегінде жан-жақты кеңестер берді. Сонымен қатар білім алушылар көкейлерінде жүрген жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді.