М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Педагогикалық мамандықтардың бітіруші топтары арасында "Үздік машықтанушы" кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Болашақ мұғалімнің педагогикалық қызметіне дайындауға бағытталған байқауға "Негізгі орта білім", "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандықтары бойынша қатысты. Бас эксперт "Шетел тілі" бөлімінің ПЦК жетекшісі Б.Әбіл болды.
"Байқау практикасының" қорытындысы аясында ұйымдастырылған кәсіби шеберлік сайысына қатысушылар модуль бойынша қарастырылған жаңа сабақтың фрагментін көрсетті. Модуль сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсатқа қол жеткізудегі ықпалы, білім алушылардың жетістіктерін қолдау үшін қалыптастырушы бағалау, саралау әдістерін жоспарлай алу, әртүрлі ресурстарды пайдалану критерийлеріне негізделген. Сондай-ақ, сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу және педагогикалық жағдаятты шешу модульдері әр қатысушының ұйымдастыру іскерліктері мен дағдысын көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша үздік сабақ пен сыныптан тыс шара өткізген машықтанушыларға колледж директорының Дипломы мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.