Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі "Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүктілік" тақырыбы аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету.
Шараға Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының валеолог мамандары Алтаева Арай, Әлменова Айгерім, Облыстық жастар ресурстық орталығы "Жас отбасы және әлеуметтік мәселелер" бөлімінің кеңесші маманы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлдана Маралбекқызы, Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Рахымжан Жұмаділдаев, Ұйымдастырушы педагог Айбибі Жәнібек, Жастар ісі жөніндегі инспектор Шернияз Жалғасбекұлы және әр бөлімнің білім алушылары қатысты.
Жиында Жастар денсаулығы орталығының валеолог маманы Алтаева Арай зиянды әдеттерден аулақ болу, суицидтің алдын алу мен оған бейім жастарды анықтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық көмекке мұқтаж жастарды анонимді түрде кеңес алуға орталыққа шақырды. Сонымен қатар "Жас отбасы және әлеуметтік мәселелер" бөлімінің кеңесші маманы Сұлтан Нұрбол жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі аурудың алдын алуға болатынын айтып өтті.Жиын соңында білім алушылар пайдалы құқықтық ақпарат алып, өз ойларын ортаға салды.