ЕРТЕ НЕКЕНІҢ ЕРТЕҢІ КҮМӘНДІ
Білім ордамызда колледж медбикелері Айжанова Гүлжахан Махатаевна мен Алпыс Айдана Ерболқызының ұйымдастыруымен "Ерте некенің ертеңі күмәнді" тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті. Шараға Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Г. Мазқожа, психолог А. Құлмырзаева, гинеколог Г. Ибраева қатысты.
Мақсаты: жастар арасындағы келеңсіздіктердің алдын алу, қыз балаларда кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу, мамандар кеңесін тыңдау.
Жиында ертежүктіліктен қалай сақтануға болады, ертежүктіліктің қауіптілігі және оның нәтижесі тақырыптары кеңірек талқыланып, ерте жүктіліктің алдын алу туралы көрініс көрсетілді. Сонымен қатар қыздар тарапынан сала мамандарына бірқатар сауалдар қойылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары жайында ақпараттар берілді.
Жиын соңында "Өнер" бөлімінің талантты жас өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.