ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2023-11-13

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Оқу орнымызда “Шетел тілі” бөлімінің ұйымдастыруымен білім алушыларға "Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік” атты шара өтті. Мақсаты: білім алушыларға құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру. Құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру арқылы заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру. Тәртіптік,азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.

Шараға  Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмадилдаев, "Шетел тілі” бөлімінің меңгерушісі М.Меңдібаева 
және топ жетекшілері мен білім алушылар қатысты.

Жиында Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмадилдаев жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы жаңа жүктемелерді таныстырып өтті. 

Сонымен қатар "Шетел тілі” бөлімінің меңгерушісі М.Меңдібаева қаламызда кездесіп жатқан топтық төбелес, бұзақылық және құқық бұзушылық фактілерін мысалға келтіре отырып, білім алушыларға жақсы тәрбие алып, тәртіпті, білімді, кәсіби маман болу қажеттігін түсіндірді.