"Ерте жүктіліктің ертеңі күмәнді"

"Ерте жүктіліктің ертеңі күмәнді"

2023-11-14

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бөлімінің ұйымдастыруымен "Ерте жүктіліктің ертеңі күмәнді" тақырыбында сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. 

Шараға Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы А.Алтаева, "Әли-Нұр Мед" клиникасының акушер гинеколог дәрігері К.Жаханова, колледж медбикелері Г.Айжанова, А.Алпыс, колледж психологы Ұ.Жұматай және топ жетекшілері мен білім алушылар қатысты. 

Мақсаты: жастар арасындағы келеңсіздіктердің алдын алу, қыз балаларда кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу, мамандар кеңесін тыңдау. 

Шара барысында білім алушылар "Ерте жүктілік" тақырыбында қойылым көрсетіп, отбасын жоспарлауға байланысты маман пікірі тыңдалды. 

Облыстық жастар орталығының валеологы А.Алтаева, колледж медбикесі Г.Айжанова қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі  келешек аналар қолында десек, қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамау қажеттігін айта кетіп, тақырып төңірегінде жан-жақты кеңестер берді. Сонымен қатар МДБТ-21 оқу тобының қыздары әннен шашу шашып, мың бұралып билеп шараға қатысушылардың көңілін көтерді. 

Кездесу соңында психологиялық қолдау мақсатында Ұ.Жұматай семинар-тренинг жүргізіп, қатысушы бойжеткендер көкейлерінде жүрген жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді. 

Қорытындылай келе, кездесу қыз балалардың өздерінің қоғамдағы орнын сезінуіне, құндылықтарын айқындауына, өмірге мейіріммен, махаббатпен қарай білуге деген ұғымдарын тудырды. Сол себепті қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі келешек аналар қолында десек, қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз қажет.