БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ – БАЛА БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің "Филология" бөлімінің 2 курс білім алушыларының ата-аналарымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы - бала болашағының кепілі " атты жиналыс өтті.
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу. Біртұтас тәрбие бағдарламасын таныстыру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, психологиялық ахуалды жақсарту, әр түрлі құқықбұзушылық әрекеттерді болдырмау.
Жиында "Филология" бөлімінің меңгерушісі Г.Мұхиддинова колледждің ішкі және сыртқы ережелерімен таныстырып, білім алушылардың тұлғалық қалыптасуында оқу орны, мұғалім , ата-ананың ықпалы, жауапкершілігі жайында құнды пікірлер атап өтті. Сонымен қатар колледж медбикесі А.Гүлжахан салауатты өмір салтын ұстану, құнарлы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болудың денсаулыққа пайдасы және спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті.
Жиналыс барысында ата-аналар колледждің оқу-тәрбие процесіне жақсы пікірлерін білдіріп, колледж басшылығы мен ұжымына табыстар тіледі.