ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

2023-11-25

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Оқу орнымызда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құқық  бұзушылықтың  алдын-алу мақсатында "Құқықтық тәрбие – қоғам талабы" тақырыбында жиын өткізілді. 

Жиынға учаскелік полиция қызметкері А.Сәрсембаев, көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Қ.Шуншибаев, колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева, колледж психологы Ұ.Жұматай, ұйымдастырушы педагог А.Жәнібек, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы және білім алушылар қатысты. 

Профилактикалық шараны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева ашып, студенттердің колледждің ішкі тәртіп ережесіне бағыну және оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Қ.Шуншибаев нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік, құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру бойынша және оқу орнындағы құқықтық сауаттылық, студенттің құқығы мен міндеті, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж психологы Ұ.Жұматай зиянды әрекеттерден аулақ болу жайттарын түсіндірді.

Жиын соңында білім алушылар пайдалы құқықтық ақпарат алып, өз ойларын ортаға салды.