М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Жетістік шыңы-2023" тақырыбында әдістемелік марафон жалғасуда. Бүгін колледж оқытушыларына арналған кезекті "Шеберлік сағаты" ұйымдастырылды.
Мақсаты: Колледж оқытушыларының кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Білім сапасын арттыруда ақпараттық технологиялардың маңыздылығына назар аудару, пән мұғалімдерінің тәжірибесі арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету, үздіксіз оқу-тәрбие процесінде қолдану.
"Шеберлік сағаты"барысында Жалпы білім пәндері бойынша педагогикалық шеберлік орталығында білім жетілдірген "Әлеуметтік-экономикалық" ПЦК оқытушылары Биманов Дарын , Ахметова Лаура, Керейбаева Шынар өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, сабақ барысында қолданып жүрген интерактивті оқыту платформалары арқылы белсенді оқытудың тиімді әдістерін пайдалану жолдарымен таныстырды.