М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Филология" бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД ке қарсы күрес күні қарсаңында "СПИД – ғасыр дерті" атты шара өтті.
Мақсаты: білім алушыларға СПИД – тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Аталған шараға Облыстық Жастар денсаулық орталығының маманы Құлмұратова Айман, Спид орталығының эпидемиолог дәрігері Жолманова Гулжанар Рустембековна, "Ана үйі" қоғамдық қорының аймақтық маманы Джусупбаева Дина Маратовна, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Исаева, колледж медбикесі Гүлжахан Айжанова, колледж психологы Ұлжан Жұматай және "Филология" бөлімінің топ жетекшілері мен білім алушылар қатысты.
▫️Аталған шарада білім алушыларға СПИД – ауруының кеселді жақтарын, ақыры өлімге дейін апаратын айықпас дерттің алдын-алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ аталған ауру салдарынан тек қана ішкі ағзалар зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, ас қорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалатыны айтылды. Білім алушыларға жеке бас гигиенасы, қоғамдық орындардағы сақтық шаралары және салауатты өмір салтын ұстану қағидалары насихатталды.