КҮЙ АТАСЫ – ҚҰРМАНҒАЗЫ

КҮЙ АТАСЫ – ҚҰРМАНҒАЗЫ

2023-11-28

КҮЙ АТАСЫ – ҚҰРМАНҒАЗЫ

Оқу орнымызда "Өнер" бөлімінің ұйымдастыруымен "Күй атасы - Құрманғазы" атты лекция концерті өтті.

Мақсаты: бойында дарыны, табиғи таланты бар студенттерді өнерге деген қызығушылығын , ұлы күйшінің күйлерін насихаттау, рухани - танымдық тәрбие беру, ұлттық өнерді құрметтеу.

Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Құрманғазының күйлері халқымыздың домбырашылық дәстүрінің дамуының шыңы болып табылады. Оның мұрасы ұрпақтан - ұрпаққа, шәкірттен - шәкіртке беріліп барша халықтың игілігіне айналып отыр.