Шымкент қаласында өткен халықаралық «ГҮЛДЕНГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТАР» конкурс-фестивалінде оқу орнымыздың «Нұргүл» халықтық ән-би ансамблі «қазақ би» номинациясы бойынша «ҮКІЛІ АРУЛАР», «АҚЖЕЛЕҢ» билерін орындап, екі мәрте I орын иемденді.
Жеңімпаз ансамбльге жетекшілік еткен Бекзат Абсатова «ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ» және балетмейстері Салтанат Джанахметова «ҮЗДІК БАЛЕТМЕЙСТЕР» номинациясымен марапатталды.
Айта кетейік, аталған конкурстық жобаның бас жетекшісі –ҚР мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Қазына» халық би ансамблінің жетекшісі, бас балетмейстері Зауре Ажибекова және «BlockBuster» би академиясының директоры және аталған би театрының жетекшісі, Дихнов Константин Семенович және көршілес мемлекеттердің өнер майталмандары Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ч.Базарбаев атындағы Бішкек хореографиялық училищесінің директоры Латыпов Эрик Вилданович пен Өзбекстан елінен жетекші хореограф Полат Абдураимов арнайы келіп, түрлі бағытта өнер көрсеткен бишілердің биіне баға берді.