БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫН, ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ТЕТІКТЕРІН ҚОЛДАНУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫН, ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ТЕТІКТЕРІН ҚОЛДАНУ

2023-11-30

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН
МОНИТОРИНГТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫН, ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ТЕТІКТЕРІН ҚОЛДАНУ

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде
"Қазақ тілі мен әдебиеті, әдістемелерімен" және "Орыс тілі мен әдебиеті" ПЦК-ның ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдарланған кәсіби оқыту: білім беру мазмұнына жаңаша көзқарас, сапалы білім, жетістікті нәтиже" атты апталық аясында "Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу қағидаттарын, тәсілдерін және тетіктерін қолдану" тақырыбында диалогтік алаң өтті.

Мақсаты: жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы бағалау ерекшеліктері, қолданылуы туралы кеңінен ақпарат беру, талқылау, болашақ мамандардың бағалау жүйесі ерекшеліктерін терең түсінуіне жағдай жасау.

Диалогтік алаңға Қызылорда медициналық жоғары колледжі, орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Нуратова Гульмира Абдыгалиевна, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ерғалиева Аида Өткелбайқызы,  3 IT мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Уксукбаева Эльмира, Серікбаева Бибісара, "125 High School" мектебінің мұғалімі Досаева Сауле Амангелдиевна, № 212 мектеп-гимназия мұғалімі Оракбаева Айгерим Аралбаевна және колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары Мусурманкулова Гульмира Ануаровна мен Жүсіпова Гүлнұр Айдарқызы қатысты.

Диалогтік алаңда пікір білдіруші сарапшылар: формативті бағалаудың негізгі әдістері, Білім алушылардың өз білімін өз бетінше бағалай алуы, сабақта өзара бағалауды қалай жүргізуге болады сынды  тақырыптарды ортаға салып талқылады.