"Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт"

"Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт"

2023-12-01

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт" тақырыбындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Республикалық дәстүрлі VІІ педагогикалық оқу өтті. 

Мақсаты: Кадр даярлаудағы теория мен практиканың бірлігі үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдармен өзара әріптестікті арттыру сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыруға бағытталған озық тәжірибелерді анықтау, насихаттау.

Педагогикалық оқудың алғашқы сөзін колледж директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы бастап, шараға қатысушы қонақтарымызға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж директоры Мамбетов Руслан Елікбаевичтің ұсынысымен оқу-тәрбие үдерісіндегі өзара әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды.

Педагогикалық оқу: пленарлық және секциялық отырыстардан тұрды.

Пленарлық отырыс "Мектепке дейінгі тәрбие" бөлімінің меңгерушісі Жұмаділдаева Ботагөз Ертайқызының модераторлығымен өткізілді. Онда Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен Насрединова Ақжарқын  Есеметовна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.к. Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна, "STEP BY STEP" Қоғамдық қорының өкілі, педагог-психолог Тасболатова Майра Құдайбергенова, "Шаттық" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ерназарова Зафура Шаршыбекқызы, "Бегім ана" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Мұханбетқалиева Жанат және колледжіміздің арнайы пән оқытушысы, "Үздік педагог" Есмаханова Ұлжан Әлібайқызы сынды өзат тәжірибелі әріптестеріміз өз баяндамаларын ұсынып, құнды тәжірибелерімен бөлісті.

Секция жұмысы үш бағыт бойынша жұмыс жасады. Секция отырысында республикамызың әр өңірінен профессор-оқытушылар, балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер және студенттер тың идеяларды ортаға салып, тәжірибе алаңы ұйымдастырылды.

Шара соңында қатысушыларымызға сертификаттар табысталып, үздік жұмыстар бойынша алғыс хатпен марапатталды.

Педагогикалық оқудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша колледж ұжымына алғыс білдіреміз!