«Бүгінгі арулар-ертеңгі аналар»

«Бүгінгі арулар-ертеңгі аналар»

2023-12-07

«Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің  «ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІ: ІЗДЕНІС, ШЫҢДАЛУ, НӘТИЖЕ» тақырыбында  іс-шаралар  жоспарына сәйкес «АНАҒА ТАҒЗЫМ» орталығында «Бүгінгі арулар-ертеңгі аналар» тақырыбында колледжіміздің ардагер ұстазы С.Малимовамен  кездесу-сұхбат өтті.  Таныстырылым барысында студенттер арнайы «Шамшырақ» фото бейне студиясы, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Жас Отау» жас отбасылар мектебі, «Coworking», «Ана тілі» дебат клубы, «Ұлт жақұты» музей залы, «Сырғалым» сырласу клубы, Психолог медиатр кабинеттерімен жеке-жеке аралап, таныстырылды. Мекеме ұйымының қызметкерлері Ақмарал апай мен Салима апайдың қазіргі өмірмен ұштастыра отырып, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпты сақтай отырып жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.