«Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің «ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІ: ІЗДЕНІС, ШЫҢДАЛУ, НӘТИЖЕ» тақырыбында іс-шаралар жоспарына сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Зологиялық, ботаникалық бақ» мұражайында І курс білім алушыларына саяхат-travel сабағы өтті.
Мақсаты: білім алушыларды зоологиялық мұражайдағы жергілікті жердің фауна өкілдерінің алуан түрлілігімен таныстыру, экoлoгиялық бiлiм мeн тәpбиe бepу, туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелеу, білім алушылардың жаратылыстану саласындағы білімдерін кеңейту.
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі Ерболатов Нұрқасым Нұртазаұлы зоология мұражайының құрылымымен қатар көрме залындағы құстар, сүтқоректілер тұлыптары, систематикалық бөліммен қатар омыртқалылардың қаңқалары, жануарлардың коллекцияларымен таныстырып, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, табиғатқа қызығушылығын арттыру, қорғау және сақтау бағыттарындағы іс-әрекеттерді жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, «Жаратылыстану» ПЦК оқытушылары Б.Мешітбай және Л.Скаковамен бірге колледж білім алушыларыда саяхат сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді.