"Буллинг Кибербуллинг"

"Буллинг Кибербуллинг"

2023-12-20

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің "Шетел тілі" бөлімінің ұйымдастыруымен "Буллинг Кибербуллинг" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтті. 

Мақсаты: Буллинг сөзінің мағынасын ашу. Қазіргі қоғамдағы бұл іс-әрекеттің теріс екендігін айқындай отырып, бұл дертті тыю жолдарын бірге шешу, бар заңдылықтарға назар аудара отырып, білім алушы тұлғасы мен оның мінез-құлқы туралы адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.

"Буллинг Кибербуллинг" тақырыбы бойынша тәрбие сағатына колледж инстекторы, аға лейтенант Серікбол Сұлтанбек, полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Мұратұлы Аңсат, колледж медбикесі Айжанова Гүлжахан, "Шетел тілі" бөлімінің меңгерушісі Меңдібаева Мөлдір және ШТ-М-20 оқу тобының жетекшісі Жолаушиева Рыскал қатысты. 

Шара барысында қонақтар Серікбол Сұлтанбек, Мұратұлы Аңсат сөз сөйлеп, презентация арқылы берілген тақырып бойынша білім алушыларға ақпарат беріліп, видеороликтер көрсетілді. Колледж медбикесі Айжанова Гүлжахан буллингкке ұшыраған балалардың жай-күйі,  денсаулығына келтіретін зиянды жақтарымен таныстырып,  оның алдын - алу жолдарымен бөлісті.

Шара соңында білім алушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді.