ВОЛЕЙБОЛДАН ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА КОЛЛЕДЖІШІЛІК ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

ВОЛЕЙБОЛДАН ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА КОЛЛЕДЖІШІЛІК ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

2023-12-20

Оқу орнымызда Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың кубогі үшін «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі және Колледж кәсіподағының ұйымдастыруымен волейболдан оқытушылар мен қызметкерлер арасында колледжішілік дәстүрлі турнир  өтті.

 

МАҚСАТЫ:
Колледж ұжымы арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға тарту;
Колледж құрама командасын іріктеу;
Колледжішілік дене шынықтыру және спорт саласындағы ұжымдық қатынастарды реттеу, бұқаралық дене шынықтыру қызметiн қамтамасыз ету және оларды дамыту;

 

Сайыс нәтижесіне сай: І орын Техникалық қызметкерлер командасы, ІІ орын Әкімшілік құрама командасы, ІІІ орын “Өнер” бөлімі командасы, «Спорт жұлдыздары» номинациясы “Филология” бөлімі, «Қайсар спортшылар» номинациясы «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімі, «Ұйымшыл команда» номинациясы «Шетел тілі» бөлімі, «Салауатты команда» номинациясы «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі, «Спорт ерлері» номинациясы «Бастауыш білім беру» бөлімі, «Үздік қорғаушы»  номинациясы Шалапова Гүлнұр, «Үздік үйлестіруші»  номинациясы Құлманова Жеңіскүл, «Үздік шабуылшы»  номинациясы Тағыбергенов Жанібек, «Үздік ойыншы»  номинациясы Айқын Кенжеғараева, «Үздік ойыншы» номинациясы Ернар Еркін 

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері мен сайысқа  қатысушыларға колледж директорының Дипломымен қоса, колледж кәсіподағының арнайы сыйлықтары табысталды.