«IT-project 2023»

«IT-project 2023»

2023-12-20

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «IT-project 2023» тақырыбында қалалық ІТ-жобалар байқауы өтті. 

 

Мақсаты:
- жастардың ІТ саласындағы қабілетін арттыру болып табылады.
- Білім алушылардың шығармашылық идея және оқу-танымдық қызығушылығын ынталандыру;
- Талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және оған қолдау көрсету;
- Білім алушылардың өз бетіндік жұмыстарға ынталандыру;

 

Байқау аясында «Менің бизнесімдегі ІТ шешім», «Контент және медиа» бағыттары жұмыс жасады.Байқауға Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Мұқанғали Темірхан Талғатұлы және «Цифрлық дизайн» бөлімінің басшысы Жылқышиев Ержан Жақсылықұлы, колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Абжаппаров Фархад Оразалыұлы әділқазылық жасады. Байқауға қалалық Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары қатысты.Қатысушылар арасынан үздік жобалар анықталып, жүлделі орындармен марапатталып, қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды.