Оқу орнымызда «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жолы: қалыптасуы, дамуы және келешегі» атты патриоттық-танымдық апталық аясында
«Кәсіпкер әлемін ашамыз» атты колледжішілік бизнес жобалар сайысы өтті.
Мақсаты:
- білім алушыларда жеке қаржылық сауаттылық пен бизнес-жоспарлаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушылардың жан-жақты ізденісте жүруіне ықпал жасай отырып, логикалық ойлау жүйесін дамыту;
- білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық жұмыс түрлерін ізденуге ынталандыру, олардың жаңа идеяларды жүзеге асыруына түрткі болу;
Сайыстың жұмыс бағыттары:
• Түйіндеме
• Компания мен саланың сипаттамасы
• Өнімнің немесе қызметтің сипаттамасы
• Маркетинг және өнімді (қызметті) өткізу
• Өндірістік жоспар
• Ұйымдастырушылық жоспар
• Қаржы жоспары
• Жобаның бағыты мен тиімділігі
• Тәуекел мен кепілдік
• Қосымша мәліметтер
Сайыс қорытындысы бойынша:
I орын : «Ерекше балаларға арналған дидактикалық ойындар жасау» бизнес жоба авторлары: Еркінқызы Дильназ, Бақыт Ақжан МДБ-Н-20 оқу тобы;
II орын : «KOMEK» қызмет көрсету орталығының бизнес жоба авторы: Нұрхан Диана Нұрханқызы ҚТ-Ж-20 оқу тобы;
III орын : «ALONE» сөмкелер дүкені бизнес жоба авторлары: Абдикамал Жанель, Тулегенова Аделя ШТ-Д-20 оқу тобы;
Сонымен қатар, Алғыс хатпен:
«Cleaning.kzo» бизнес жоба авторлары: Жақсылық Ақбөпе, Амир Бекзат ШТ-Д-20 оқу тобы;
«ZERDE» зергерлік шеберхана бизнес жоба авторлары: Қайырбекқызы Айша, Ізбасар Асылзат ШТ-Д-20 оқу тобы;
Аспаздық қызмет көрсету бизнес жоба авторы: Болатбек Қарақат Русланқызы ОТ-Ш-20 оқу тобы;