БЕРЕКЕЛІ ЖАҢА ЖЫЛ – 2023

БЕРЕКЕЛІ ЖАҢА ЖЫЛ – 2023

2023-12-22

Оқу орнымызда жаңа жыл қарсаңында «Берекелі жаңа жыл – 2023» атты мерекелік кеш өткізілді. Салтанатты жиынға оқуға құштар, білім сапасы жоғары, қоғамдық өмірде белсенді, ерекше жандар қонақ болды. Алғашқы мерекелік құттықтау сөз Жақсыгүл Қоханқызына беріліп, білім алушы жастарға ыстық лебізін білдірді. 

 

Мерекелік көңіл-күй сыйлаған жиынға Облыстық әкелер одағының төрағасы Ержан Искендер, Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, «Aманат» партиясы Қызылорда филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов қонақ болып, ақжарма тілектерін айтты. Сонымен қатар жиын барысында облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ержан Искендер білім алушы жастарға тәлім-тәрбиесі мол, рухани байлыққа толы бірнеше кітаптар мен жаңа жылға сый-сияпат алу үшін арнайы сертификаттар сыйға тартты.

 

Мереке қарсаңында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің білім алушылары әсем ән шырқап, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Көңілдерге үміт сәулесін жағып, жаңа күнге деген арманға ақ қанат бітіретін жаңа жыл, жаңа күн құтты болғай!