ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ

ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ

2023-12-22

ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ 

Облыстық жастар орталығында «BIR TOLQYNDA» жастар шарасы өтті. Шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Есмаханов қатысып, өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің қолдауымен іске асып жатқан жаңа жобаларға тоқталды. Шара барысында «Филология» бөлімі ҚТ-Ж-21к оқу тобының студенті Базарханұлы Расул «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының «Үздік волонтер» номинациясын иеленіп, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш. Баймановтың дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттар байқауының жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды.