НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде белгіленген жоспарға сәйкес "Филология" бөлімінің ұйымдастыруымен "Нашақорлық – ғасыр дерті" тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға әлемді алаңдатып отырған зиянды заттардың белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын-алуға тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту. Шараға Облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Әсел Әбдеш Асылбекқызы, колледж медбикесі Айдана Алпыс, әлеуметтік педагог Назерке Жұман мен білім алушылар қатысты. Шара барысында Облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Әсел Әбдеш Асылбекқызы қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары жөнінде ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, шара барысында білім алушылар нашақорлық туралы қойылым қойып, ғасыр дертінің шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін түсіндірді. Жиын соңында білім алушылар нашақорлық қоғам үшін, болашақ үшін өте қауіпті екендігі туралы толық ақпарат алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді.