Бүгін оқу орнымызда жалпыхалықтық референдумды қолдауға бағытталған қалалық штаб мүшелерімен кездесу өткізілді

Бүгін оқу орнымызда жалпыхалықтық референдумды қолдауға бағытталған қалалық штаб мүшелерімен кездесу өткізілді

2022-05-20

Бүгін оқу орнымызда жалпыхалықтық референдумды қолдауға бағытталған қалалық штаб мүшелерімен кездесу өткізілді. Штаб мүшелерінің қатарында «Қазақстанның салалық білім қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының Қызылорда қалалық комитеті» филиалының төрайымы Орынша Әлімбетова, ҚР мәдениет қайраткері, жырау Берік Саймағамбетов, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Мақсат Дауылбай және Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Басаров бар. Сондай-ақ жалпыхалықтық референдум аясындағы жиынға колледждің бірқатар оқытушылары мен студенттері қатысты. Шараның мақсаты - аталған реформаның басым бағыттарын түсіндіру. Штаб мүшелері ел дамуындағы елеулі өзгерісте әрбір қазақстандықтың таңдауы, дауысы маңызды екенін және дауыс беру арқылы әрбір азамат елдегі саяси трансформацияға тікелей қатысатынын айтты. Сонымен бірге Конституцияға енгізілетін өзгерістер халыққа ел басқару ісіне қатысуға мүмкіндік беретінін түсіндіріп, ел болашағындағы айтулы өзгерістерге жетелейтін науқанның маңызын талқылады.