ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН!

ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН!

2023-12-28

ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН! 

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде жылды қорытындылау мақсатында «Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты үздіктерді марапаттау кеші ұйымдастырылды. Аталған мерекелік жиында жыл бойғы мемлекеттік мерекелер мен мерейтойлар аясында өткізілген шараларды қорытындылап, білім мен тәрбие процесінде жоғары жетістікке жеткен оқытушылар мен білім алушылар марапатталды. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған жиынға Аяз Ата мен Ақшақар қонақ болып, тілектер айтылды.  Сондай-ақ оқу орнында 50,60 жас мерейтой иелерін құттықтап, марапат иелеріна сыйлықтар табысталып, әсем ән шырқалып, көңілді ойындар болды. Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын.