«Аяз атаға хат жаз» жобасы

«Аяз атаға хат жаз» жобасы

2023-12-31

Оқу орнымызда Жаңа жыл қарсаңында, «Аяз атаға хат жаз» жобасы өтті. Ертегі іспеттес керемет мерекенің мазмұнын ашатын жобамыз байқау күйінде болды. Келіп түскен хаттардың барлығы дерлік оқылып, үздік деп танылған авторлар  Нұрлан Торғын, Төлепберген Самал, Мырзағаш Самал , Өмірзаққызы Айсана, Сағадатқызы Арайлым мерекелік сыйлықтармен марапатталды. Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын!