ТІЛДАРЫН – 2023

ТІЛДАРЫН – 2023

2024-01-02

ТІЛДАРЫН – 2023

Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын – 2023 » атты облыстық байқауы өтті.

Мақсаты: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:
▪ I кезең – Эссе жазу (Таңдаған тақырыбы қай тілден келсе сол тілде эссе жазу);
▪ II кезең -  «Мәдениеттаным» кезеңі (Қазақ халқының салт- дәстүрі, тілі, қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі  сұрақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру);
▪ IIІ кезең – Ілеспе аударма жұмысы (Таңдалған сөйлемді қалған екі тілге аудару);
▪ IV кезең – Импровизация ( Берілген тақырып бойынша ауызша үштілде тұсаукесер жасау).

Байқау қорытындысы бойынша: 

I орын №7 мектеп-лицейінің “Шетел тілі” пәні мұғалімі;
II орын Т.Рысқұлов атындағы  №222 орта мектебі “Шетел тілі” пәні мұғалімі;
III орын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің  “Шетел тілі” бөлімі 4 курс студенті Абдикамал Жанел марапатталды.

Сондай-ақ, бірқатар белсенді қатысушыларға Алғыс хатпен, арнайы сыйлықтар табысталды.