КОЛЛЕДЖДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің барлық оқу бөлімдерінде ZOOM платформасы арқылы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынға «Филология», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі», «Шетел тілі», «Физика, математика және ақпараттық жүйе», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Дене тәрбиесі және спорт», «Өнер» бөлімдерінде оқитын 1-2 курс студенттерінің ата - аналары, колледж директоры Ж.Тоғанова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Бахадүрова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, бөлім меңгерушілері, колледж психологтары, медбикелер және кураторлар қатысты.
Жиынды колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы ашып, оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева білім алушылар арасындағы тәрбие жұмысының жоспарлы түрде үздіксіз жүріп отыратындығын мәлімдеп, құқықбұзушылықтың алдын алу мен бос уақытты тиімді өткізудің жолдарын түсіндіріп өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды, сонымен қатар колледждің оқу-тәрбие процесіне жақсы пікірлерін білдірді.