КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

2024-01-19

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,  балалардың қауіпсіздігін сақтау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өтті.

Шараға Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы З.Абылайқызы, бас маман А.Сералиев, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, ұйымдастырушы педагог А.Жәнібек, сонымен қатар топ жетекшілер және білім алушылар қатысты.

Аталған жиын барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева қаламызда кездескен топтық төбелес, бұзақылық және құқық бұзушылық фактілерін мысалға келтіре отырып, ер балаларға жақсы тәрбие алып, тәртіпті, білімді, кәсіби маман болу қажеттігін түсіндірді. 

Сонымен қатар Зәбира Абылайқызы қазіргі кезде қоғамда орын алған түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтардан сақтандыру, жаза басқан ер балалар мен оларға қолданылатын жазалар, жасөспірімдер арасындағы орын алған қылмыстық фактілер жайында таныстырып өтті.

Сала мамандары және колледж  әкімшілігі қатысқан шарада студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, студенттер өз сұрақтарына жауап ала білді.