Маусымашар -2024

Маусымашар -2024

2024-02-02

⚜️ А.Тоқмағанбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде колледжішілік “Маусымашар- 2024” жайдарман сайысы өтті. Әзіл бәйгесіне оқу орнымыздың бөлімдерінен алты команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

⚜️Ойыншылардың өнерін әділ бағалап қазылық жасаған қонақтар қатарында: Н.Бекежанов атындағы драма театры директорының бірінші орынбасары Ж.Аубакиров, Н.Бекежанов атындағы драма театрының әртісі А.Оразалиев, Қызылорда облыстық филармония әншісі Б.Қарғабаев және оқу орнымыздың түлегі, жас жайдарманшы А.Жақашов болды.
⚜️ Кеш барысында көрермендер арасында лоторея ойыны ойнатылып, билет нөмерлері арқылы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар әзіл бәсекесінде Qytai атты танымал жұлдызды әншіміз ән-шашуын арнады.
⚜️Ойын соңында“Өнер” командасы (“Өнер бөлімі”), “Сүйіктілер” командасы ( “Физика математика және ақпараттық жүйе бөлімі”) , “2 N D” командасы (“Филология бөлімі”) , “МиМиКа” командасы (“Филология бөлімі”), “Baby House” командасы (“Дене тәрбиесі және спорт бөлімі”) келесі кезеңге жолдама алып, каржылай сыйлыққа ие болды.
⚜️ Әзіл көркін қыздырған кешке жастар арасында “Мәншүк” құрамасы өнер көрсетіп, қонақтардың көңіл-күйін көтерді.