Игі істің бастауы - ізгілік пен жақсылық

Игі істің бастауы - ізгілік пен жақсылық

2024-02-01

⚜️ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі - тарих бедеріндегі бейнесі анық сақталған жоғары оқу орындарының бірі.
⚜️ Бүгін оқу орнымызда “Игі істің бастауы - ізгілік пен жақсылық” тақырыбы аясында колледжіміздің ең үздік, жетістігі мол, белсенді студенттерін марапаттау кеші өтті.
⚜️ Марапаттау кешіне колледж директоры Ж.Тоганова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, кәсіподақ төрайымы Г.Нұрадинова,жастар ісі жөніндегі инспектор М.Ниязов, ұйымдастырушы - педагог А.Жәнібек және барлық бөлім меңгеруші мұғалімдер қатысты.
⚜️ Кеш барысында колледж директоры Ж. Тоганова сөз алып, ұйым сабында еңбек етіп, жастар жобаларын жүзеге асырып жүрген білім алушы белсенді студенттерді құттықтап, колледж комиссиясының шешімімен үш студенттің оқу ақысына жеңілдік сертификатын табыстады.