ЖҰЛДЫЗ ШАШҚАН ЖЫРЛАР

ЖҰЛДЫЗ ШАШҚАН ЖЫРЛАР

2024-02-05

Колледж кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, драматург, ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлға Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «ЖҰЛДЫЗ ШАШҚАН ЖЫРЛАР» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты - Әбділда Тәжібаевтың туған жерді құрметтеуге, ана тіліне, отанды сүю тақырыбына арналған туындыларын насихаттай отырып, оқырман жастарды ұлттық намыс, жігерлілікке тәрбиелеу.
Әдеби жиында ақынның өмірбаяны, шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, ақын рухына арнау-өлеңдер оқылды.
Шараға қалалық орталықтандырылған №20 кітапхана кітапханашысы П. Шыманова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, жас ақын Б.Санақұл ақын шығармашылығы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж студенті ақын тұлғасына арнау оқыды.
Колледж кітапханашысы А.Тұрмаханова Ә.Тәжібаев шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып, ББ-П-22 оқу тобының студенттері “Толағай” ертегісінен қойылым қойылды. Шара соңында белсенді студенттер арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.