Бүгін оқу орнымызда "Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі " бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәртіп — тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өтті.
Шараға Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет капитаны Гүлнұр Байсариева, колледж инспекторы Сәбит Алдонгаров, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлім меңгерушісі Гүлзира Арыстанбекова және колледж психологы Ж.Уалибекқызы, ұйымдастырушы-педагог А.Жәнібек қатысты. Сондай-ақ, аталған бөлімнің ББ-С-21 және ББ-П-21к тобы студенттері мен топ жетекшілері қатысты.
Сала мамандарымен жүздесу жиынында колледждің ішкі тәртіп ережесі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және заңға қайшы әрекеттер салдары тақырыптары қозғалды. Сонымен бірге құқықтық міндеттер, қоғамдық тәртіп және кәмелет жасына толмағандарға қатысты заңнамалық ережелер түсіндірілді.
Тақырып аясында білім алушылармен «Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты сергіту ойыны ойналып, студенттер тарапынан туындаған сауалдарға сала мамандары жауап берді.