Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек»

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек»

2024-02-08

Оқу орнымызда «Өнер» бөлімі «Музыкалық білім беру мамандығы» студенттерінің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты - ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Қаламгер рухына арналған әдеби-сазды кеште Мұқағалидың өмірдерегінен тың мәліметтер назарға ұсынылып, шығармашылығына шолу жасалды. Бөлім студенттері қаламгер туындыларын мәнерлей оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерден шашу шашты. Сондай-ақ талантты жастар «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық қойылым ұсынды. Жырдан шашу шашылған кеште сан түрлі ән әуелеп, мұзбалақ ақын таланты жан-жақты насихатталды.

Айта кетейік, оқу орнымызда біртұтас тәрбие бағдарламасына сай ақпан айы «Оқуға құштарлық» айы деп бекітілген болатын. Аталған шара осы бастаманың аясында өткізілді.