«Мұз демінен жыр сыйлаған мұзбалақ»

«Мұз демінен жыр сыйлаған мұзбалақ»

2024-02-09

«Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтің 93 жылдығына орай «Мұз демінен жыр сыйлаған мұзбалақ» атты бөлімаралық сахналық қойылым сайысы өтті.

Мақсаты - қазақтың Абай үндес Мұқағалидей перзентінің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтің артына қалдырған өшпес мұрасы, әуезді әні мен мағыналы өлеңдері арқылы студенттерді ізденімпаздылыққа, елжандылыққа, өнерді бойларына дарытып,қоғамда тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру.

Сахналанған қойылым сайысына филология, шетел тілі, физика-математика, бастауыш бөлімдерінің студенттері өзара топ болып қатысты.

Әділқазы мүшесі болуға Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының белді актеры Асқар Оразалиев пен Нұрсейіт Сыздықбаев төрелік етті.

Жас таланттар бәйгесі үш кезең бойынша өтті:

- Бірінші кезең топтық таныстыру,

- Екінші кезең Мұқағали Мақатаевтың әуезді шығармашылығына сахналық қойылым,

- Үшінші кезең Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен поэзиялық дуэт

Әділқазы алқасы нәтижесі бойынша:

- І орын «Филология» бөлімінің студенттерінен құрылған Мұқағали ұрпақтары,

- ІІ орын «Шетел тілі» бөлімінің студенттерінен құрылған Мұқағали музасы,

- ІІІ орын «Физика-математика» мен «Филология» бөлімінің студенттерінен құрылған Аманат командасы алды. Сондай-ақ, белсенді қатысқан командалар Алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, аталған шара қазақтың лирик, мұзбалық ақыны М.Мақатаевтың 93 жылдығына орай ұйымдастырылған

«МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН» апталығы аясында өткізілді.