Оқу орнымызда «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ұйымдастыруымен "Кіші сыныптарда оқыту" құзіреттілігі бойынша «Worldskills college -2024» ұлттық чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңі өтті. Чемпионтқа 011401000- «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 10 білім алушы қатысты.
Чемпионаттың мақсаты- қатысушылардың біліктілік стандартына сәйкес білім мен дағдылары, мамандыққа сай құзыреттіліктерінің деңгейін сараптау.
Чемпионат мазмұны 3 модуль бойынша өтті:
Модуль А бойынша - бастауыш сыныптарды интерактивті жабдықты қолдана отырып пәндердің бірінде сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңін) әзірлеу, әдістемелік қолдау және жүргізу,
Модуль В- бойынша эстетикалық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу,
Модуль С- бойынша тәрбиенің бір бағыты бойынша білім алушының жоба- зерттеушілік іс –әрекетін ұйымдастыру үшін жоба паспортын жасау.
Чемпионат нәтижесін бағалауға қаламыздың инновациялық мектептерінен тәжірибелі педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімдер сарапшылық жұмыстарын жүргізіді.
Сайыс нәтижесінде І орынды оқытушы Г. Наубетованың жетекшілігімен Алтынбекқызы Алтынай, ІІ орынды З.Орманова жетекшілігімен Шамшатдин Ақниет, ІІІ орынды оқытушы Ж.Маханова жетекшілігімен Ұзақбай Ұлбала иеленді.
І орын иеленген қатысушы Алтынбекқызы Алтынай «Worldskills -2024» облыстық кезеңіне жолдама алды.