МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ - ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ

МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ - ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ

2024-02-17

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде “Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті” тақырыбында кездесу өтті.

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге арналған шараға “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімінің оқытушылары Маусымжан Ерниязова мен Асылбек Байымбетов барып, түлектерге оқу орны және ондағы мамандықтар жайындағы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ оқуға қабылдау жайындағы қатысушылар сауалына жауап берді.