«Білгенге маржан» атты брейн-ринг интеллектуалдық сайысы

«Білгенге маржан» атты брейн-ринг интеллектуалдық сайысы

2024-02-17

«Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ұйымдастырумен ІІІ курс білім алушылары ата-аналарымен бірлескен «Білгенге маржан» атты брейн-ринг интеллектуалдық сайысы өтті.

Мақсаты - ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды ұлықтау.

Интеллектуалды сайысқа ББ-Б-21, ББ-П-21, ББ-С-21, ББ-Б-21 К, ББ-П-21 К оқу топтарынан білім алушылар ата-анасымен қатысып, тартысты сайыс түрін корсетті.

Брэйн ринг 4 турдан тұрды:

-Таныстыру;

- «Ойлан тап» айдарымен экспресс сұрақтарға жауап беру

- «Зерде» айдарымен салт-дәстүрлер жайында білімдерін саралау;

- «Шебер» айдарымен берілген материалдардан дидактикалық материал даярлау.

Нәтижесінде бас жүлдеге- ББ-П-21к оқу тобынан қатысқан анасы-Әбдіреева Гүлбарша, қызы-Өтепберген Ақжүніс,

І орынға ББ-Б-21 оқу тобынан қатысқан анасы-Балимова Гүлнұр, қызы-Бөрібаева Інжу, ІІ орынға ББ-Б-21к оқу тобынан анасы-Абенова Жадыра, қызы-Ахмадияр Назерке, III орынға ББ-П-21 оқу тобынан тәтесі-Өмірзақова Ақшолпан мен студент-Серікқызы Ақерке еге болды.