Оқу орнымызда “Оқуға құштар" жобасы аясында “Филология” бөлімі және колледж кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар отбасы” тақырыбында шара өтті. Аталған жиынға бөлім студенттері мен ата-аналары қатысты.
Отбасы құндылығын, жылулық пен мейірімділікті насихаттайтын шарада Халық қаһарманы Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы талданды.
Ұстаз - студент - ата-ана үштігі арасында құрылған оқырмандар алаңында жанұя құндылықтары, отбасындағы жылулық, ата-ана жауапкершілігі мен балаға тағылымды тәрбие беру тақырыптары кеңірек талқыланды.