”ДосболLike”

”ДосболLike”

2024-02-19

Бүгін оқу орнымызда ”ДосболLike” акциясы аясында колледж психологтарының ұйымдастыруымен “Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді” тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Шараға “Филология” бөлімінің ОТ-Р-23 тобы тобы қатысты.

Мақсаты - айналамыздағы адамдармен қарым — қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? — деген сұраққа жауап іздеу, тұлғаның даму көзқарасын анықтау.

Психологиялық тренингте студенттердің өзін-өзі тануына, жеке тұлғалық қабілеттерін анықтауына және қоршаған ортамен жылы қарым-қатынас орнатуына әсер ететін жаттығулар, тренингтер өткізілді. Студенттер тапсырма орындау арқылы көтеріңкі көңіл күйде жылы лебіздерін айтып, белсенді қатысты.