Оқу орнымызда колледж медициналық бөлімшесінің ұйымдастыруымен “Туберкулезбен күресуге инвестиция салыңыз. Өмірлерді сақтаңыз!” тақырыбында сала мамандарымен кездесу өтті.
Мақсаты - Туберкулездің алдын-алу және түрлі жұқпалы аурулардан сақтану шараларын түсіндіру. Вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру.
Шараға Қызылорда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының "Жұқпалы аурулардың алдын алу" үйлестірушісі Жүсіпова Гүлімай Мұратбайқызы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының Адвокация коммуникация әлеуметтік жұмылдыру дәрігері Увашева Мереке Қалмаханқызы, колледж медбикесі Алпыс Айдана және “Шетел тілі” бөлімі студенттері қатысты.
Мамандармен жүздесу жиынында тақырып аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студент жастардың сауалына жауап берілді