КОЛЛЕДЖ АРУЫ - 2024

КОЛЛЕДЖ АРУЫ - 2024

2024-03-06

Оқу орнымызда бөлімішілік «Қыз сыны» сайыстарының жеңімпаздарының қатысуымен «Колледж аруы - 2024» арулар

сайысы өтті.

Мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік,

сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу

Қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынасып, өз өнерлерін ортаға салды. «Мен қазақтың қызымын» кезеңінде әр ару өзінің шығармашылық қабілетіне қарай Бұл кезеңде (көркем сөз, өлең, көрініс, бейнетаспа түрінде) өздерін таныстырды. «Өнерлі өрге жүзер» - сайысы бойынша қатысушы қыздарымыз жекелей және топпен өнерлерін көрсетіп ән айту, өлең оқу, сахналық қойылым көрсету бойынша сайысқа түсті. «Зерделінің ойы озық» кезеңі бойынша қатысушыларға (салт-дәстүр, ұлттық тағам, әдет-ғұрып) сұрақтар қойылып, интеллектуалдық деңгейі, білімі сарапқа салынды. «Мен қазақтың қызымын» кезеңі бойынша заман талабына сай талап қойылып, әр ару өзінің тикток видеосын көпшілік назарына ұсынды. Аталған видеода қазақи нақышта бейнетаспа түсіру арқылы, қазақи болмысты, ұлттық кодты насихаттау міндеттелді.

Арулар бақ сынаған сайысқа директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тютебаева, жатақхана меңгерушісі Л.Қордабаева, “Өнер” бөлімінің оқытушысы Қ.Мұстапаева әділ бағасын беріп, «Колледж аруын» анықтады. Жеті бөлімнен іріктеліп колледж деңгейінде сайысқа түскен жеті қыздың ішінен оқ бойы озып, “Шетел тілі” бөлімінің студенті Жағыппар Альбина колледж аруы атанды. Сондай-ақ басқа да қатысушы қыздарға өнері, білім, қарым-қабылеті бойынша «Көрермендер көзайымы», «Өнерлі ару», «Инабатты ару», «Ақылды ару», «Нәзік ару», номинациялары табысталды.