Оқу орнымызда «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің апталығы аясында бөлім оқытушылары Г.Наубетова, А.Жетилгенова, М.Алибаеваның ұйымдастыруымен ««Педагогика және психология ғылымдары» бағыты бойынша «Педагогикалық олимп» тақырыбында облыстық деңгейде олимпиада болып өтті.
Педагогикалық олимпиаданың мақсат-міндеттері:
Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
Ғылыми-әдістемелік қызығушылытарының дамуына ықпал ету;
Студенттердің функциональдық сауаттылығын дамытудағы негізгі құзыреттіліктерді меңгерту;
«Бастауыш білім беру» мамандығы студенттері арасында өткізілген облыстық педагогикалық олимпиадаға “Orda”жоғары колледжі – жетекшісі Рзахметова Перизат, «Болашақ» жоғары колледжі – жетекшісі Мырзашова Құралай Баяхметқызы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – жетекшісі Серикбаева Карлыгаш Торехановна қатысты.
Педагогикалық олимпиада 4 кезеңнен тұрды.
1-кезең: Командалардың визиттік карточкасы. Менің кәсібім – педагог.
2-кезең: Теориялық байқау – БЛИЦ-Турнир «Педагогика және психология эрудиті» білім алушылардың теориялық білімдерін анықтау.
3-кезең: «Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі» тақырыбында эссе жазу.
4-кезең: Байқау. «Заманауи педагогикалық білім: жаңа тәсілдермен өзекті зерттеулер» тақырыбындағы зерттеу жобасын қорғау.
Білім бәйгесі нәтижесінде М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі І орын, “Orda”жоғары колледжі ІІ орын, «Болашақ» жоғары колледжі ІІІ орын иеленді.