“ЖАС МОБИЛОГРАФ” САЙЫСЫ

“ЖАС МОБИЛОГРАФ” САЙЫСЫ

2024-03-06

«Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөліміне қарасты «Ақпараттық жүйе» ПЦК-ның ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары арасындағы «Жас мобилограф» байқауы өткізілді.

Мақсаты - жастардың мобилография саласындағы қабілетін арттыру

Сайыс аясында қатысушылар «Оқуға құштар орта» жобасы аясында 1 минуттық видеоролик дайындау тапсырылды. Бейнеролик шеберлері берілген 1 сағат уақыт аралығында тақырыпқа сәйкес видеоматериал түсіріп, монтаждап, әділқазылар алдында қорғады.

Байқауға мобилография саласының жетекші маманы Төреахмет Нұртай және мобилограф, СММ маманы, таргетолог Хадиша Ғалымжанқызы әділқазылық жасады.

Аймақ деңгейіндегі аламанда 16 колледж студенті бақ сынасып, үздіктері анықталды.

І орын- Мақұлбек Бақдәулет Біржанұлы, «Orda» жоғары колледжі.

ІІ орын- Мақсат Тлектес, Арал индустриалды-техникалық колледжі.

ІІІ орын-Әбілқасым Дамир, Мұрат Саламатов атындағы қызмет көрсету және сервис колледжі. Сондай-ақ басқа да қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.