Өнер - ұлттың жаны

Өнер - ұлттың жаны

2024-03-12

 

 

 Өнер - ұлттың жаны. Ел Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев « Ұлттық кодтың бір тармағы қазақтың бай өнері, музыкасы болып табылады» деп атап көрсеткендей, аптаның дүйсенбі күні «Өнер» бөлімінің «Ұлттық өнер - кемел келешек құндылығы» атты апталығы өз жұмысын бастады.

Шараның ашылу салтанатына

№264 Т.Есетов атындағы мектептің музыка пәні мұғалімі, қосымша білім беру орталығының меңгерушісі Манат Рахметова және осы мектептің музыка пәні мұғалімі, қалалық «үздік музыка пәні мұғалімі» номинациясының иегері Ақтолқын Жұмабаева, аталған мектеп – лицейдің балалар хоры жетекшісі Гулзада Ешниязова, №212 Мектеп-гимназия музыка пәні мұғалімі Ләйла Досымова және аталған мектептерден оқушылар келіп қатысты.

Аталған бөлімге қарасты “Музыкалық білім беру”, “Көркем еңбек және дизайн”, “Хореография” мамандықтарының білім алушылары кәсіби салалық ерекшеліктеріне қарай түрлі бағытта өнер көрсетті. Концерттік бағдарламамен басталған шарада “Көркем еңбек және дизайн” мамандығы апталық тақырыбына сай, мамандық ерекшеліктері мен жетістігіне орай көрме ұйымдастырып, «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері ансамбль, фортепианоның сүйемелдеуімен Н.Тілендиевтің “Өз елім” әнін хормен орындады. Хореография мамандығының білім алушыларынан құралған би тобы шараны бимен көркемдеді.