Туберкулез - жұқпалы, әрі қауіпті дерт

Туберкулез - жұқпалы, әрі қауіпті дерт

2024-03-14

“Мектепке дейінгі тәрбие” бөлімі және колледж медициналық бөлімшесінің ұйымдастыруымен “Туберкулез - жұқпалы, әрі қауіпті дерт” тақырыбында сала мамандарымен кездесу өтті.

Мақсаты - туберкулездің алдын алу және түрлі жұқпалы аурулардан сақтану шараларын түсіндіру. Туберкулез туралы дерек бере отырып, оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру.

Шараға №1Қалалық емхананың "Салауатты өмір салтын қалыптастыру "орталығының маманы Жансая Исламбек, №1Қалалық емхананың психолог маманы Манат Ермаханова және Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Жазира Жансакалова және бөлім оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сала мамандарымен өткен жиында туберкулездің алдын-алу шаралары, алғашқы белгілері және қорғану белгілері жайлы кеңірек айтылды. Өкпе қабынуының алдын-алу, жыл сайынғы тұрақты түрде тексеріс шараларының денсаулық үшін маңыздылығы түсіндірілді. Арнайы презентация арқылы тақырып аясында бейнероликтер, ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ білім алушылара мамандар нұсқауымен өкпеге арналған ‘’Су,от,ауа’’ жаттығуы көрсетілді.