"Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы", - дейді ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби. Білім мен тәрбие ұғымын қатар насихаттайтын білім ұямызда Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен "Құқықбұзушылықтың алдын алу" , "Лудомания" тақырыбын назарға алған пікірсайыс ойыны өтті. Жас пікірсайысшылар алаңында аталған тақырыптар тереңінен қозғалып, қазіргі жас жеткіншектер арасында орын алып жүрген құқықбұзушылық фактілері, статистикалық мәліметтер, мәселенің шешілу механизмі кеңірек қарастырылды.
Қатысушылар өз қатарластары арасында кездесетін қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтар, компютерлік ойындарға құмарлық, темекі және спирттік ішімдіктерге құмарту сынды бірқатар мәселелер қозғалды. Ұшқыр ой, пайымды пікір таласқа түскен алаңда барлық қатысушыларға алыс білдіріліп, арнайы "Диплом" табысталды.