Кино әлеміне саяхат

Кино әлеміне саяхат

2024-03-15

«Өнер» бөлімі, «Музыка және хор дирижерлау» ПЦК-сы «Музыкалық білім беру арқылы орындаушылық қабілетті дамыта отырып кәсіби шығармашыл тұлға қалыптастыру» тақырыбындағы апталық аясында «Кино әлеміне саяхат» атты өнер сайысын өткізді.

КСРО және ҚазССР-інің халық артисі, қазақ кино өнерінің негізін салушы, режиссер Ш.Аймановтың 110 жылдығына арналған колледжішілік оқытушылар арасындағы педагогикалық баттлда 6 оқытушы бақ сынады. Сондай-ақ «Ақпараттық» бөлім меңгеушісі Шермаханова Роза, «Әдіскер» Башарова Гүлжан, «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Бимағамбетова Рая қатысушыларға әділқазылық етті.

Сайысқа қатысушылар:

1. «Кино әлеміне саяхат». (берілген киноның атын анықтау)

2. «Менің сүйікті фильмім» тақырыбына шағын әссе жазу. (үй тапсырмасы)

3. «Ойлан тап.....» ойыны (логикалық сұрақтарға жауап беру)

4 «Караоке батл» (Кинодағы әндерді орындау) бойынша аталған саладағы білімдерін сарапқа салды. Таным мен түйсік, интеллектуалдық деңгей, кино саласы мен әдеби шығармалар бойынша білімдерін ортаға салған оқытушылар түрлі тапсырмалар орындап, сайыс сәнін қыздырды.

Нәтижесінде «Дене тәрбиесі» бөлімі оқытушысы Ботаев Самат, «Шетел тілі» бөлімінен қатысқан Сабырова Гүлзинат, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі намысын қорғаған Алибаева Мулдир белсенді қатысқаны үшін директордың «Алғыс» хатымен марапатталып, Физика - математика» бөлімі оқытушысы Құлманова Жеңіскүл – І орын, "Мектепке дейінгі тәрбие " бөлімі Керейбаева Шынар, "Филология " бөлімінен Жәнібек Айбибі – ІІІ орынды иеленді.