Көркем еңбек» пәні мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік сағаты өтті.

Көркем еңбек» пәні мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік сағаты өтті.

2024-03-28

"Өнер" бөліміне қарасты "Көркем еңбек" мамандығының "Білім берудің басым құндылықтары негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптастыру" атты апталығы аясында «Жаңартылған білім мазмұны: көркем еңбек пәнін оқытудағы ерекшеліктері» тақырыбында «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік сағаты өтті.

Шара мақсаты - Жаңартылған білім мазмұнының тиімді техникаларды сабақта қолдана отырып, көркем еңбек пән оқытушыларының белсенділігін арттыру, еңбек және оқыту салаларындағы әлеуметтік серіктестердің қызметін үйлестіру, болашақ жас мамандар үшін оқытудың қазіргі заманғы үрдістерін талқылау, көркем еңбек пәнінен оқушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру үшін бірыңғай алаңға біріктіру.

Тәжірибе алаңында өз білімдері мен біліктіліктерін ортаға салу үшін Ж.Нұрсейітов атындағы № 233 орта мектебі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тұрмағанбетова Гүлжамал және №282 мектеп лицейі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бермағанбетқызы Гүлбағила «Ұлттық нақыштағы кілемшені гобелен технологиясымен жасау» әдісін, № 6 М.А.Сужиков атындағы мектеп көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдраманова Шолпан «Ұлттық нақыштағы сөмкелерді жасау» технологиясын таныстырып әдістемелік тұрғыда тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабағын көрсетті. «Көркем еңбек және дизайн» мамандығының арнайы пән оқытушысы Қожахметова Фариза КЕ-20 тобының студенттерімен бірлесе отырып, «Мүсіндік кескіндеме технологиясымен» жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Әдістемелік жиын соңында «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Рая Жайылханқызы шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға қосқан зор үлестері үшін ризашылық білдіріп, колледж директорының «Алғысын» табыстады.