Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

2024-04-06

Бүгін облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен оқу орнымызда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті.

Шараға облыстық дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу” орталығы маманы, дін саласы бойынша республикалық және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы ғалым Б. Оспанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар міндетін атқарушы Ф.Әбжаппаров, ұйымдастырушы педагог А.Жәнібек және студент жастар қатысты.

Жиында дінтанушы ғалым Б. Оспановтың дін мен дәстүр сабақтастығы, Отанды сүю, елжанды болу, ғаламтор желілерінен діни мазмұндағы тексерілмеген, күманды ақпараттар алудың қауіптілігі аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстарымен жүргізді.

Сондай-ақ, жастарға түрлі әлеуметтік желілердегі діни маңыздағы жіберілген хабарламаларды бөлісу, суреттер мен стикерлерді таратудың зияны туралы айтты. Экстремизм және терроризм актілерінің орын алуы, жастарды аталған мәселе нысаны ретінде тарту, осы тақырып аясындағы заң ережелері аясында құқықтық ақпараттармен таныстырды.

Аталған кездесу қатысушы жастарға ерекше әсер мен рухани азық алуға негіз болды.